Апаттың мән-жайы әзірге белгісіз
Қытайдың оңтүстік-батысында жолаушылар отырған ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып, өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға бейсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 08.00-де болған. Tibet Airlines қытайлық әуекомпаниясының A319 әуелайнерінде 122 адам отырған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, Чунцин әуежайының маңында өртеніп кетті.
Бортта болған 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшелерінің арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алайда дереккөздердің мәліметінше, 40-қа жуық адам зардап шеккен, олар ауруханаға жеткізілген. Апаттың мән-жайы әзірге белгісіз.
Одан бөлек, бұл жағдайдан кейін әуежай ұшу-қону жолағын жауып тастаған, рейстер кешігіп жатыр. Ал қонуы керек болған ұшақтар Чэнду Шуанлю әуежайына жіберілген.