Оқиға Тамиланд штатындағы теміржол станциясының тұрағында болды
Үндістанда пойыз вагонындағы өрттен 10 адам қаза болды. Оқиға Тамиланд штатындағы теміржол станциясының тұрағында болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жарылыс салдарынан 9 адам мерт болды. Сондай-ақ 20 адам жарақат алды.
Өтірікке құрылған ғұмыр | Өмір иірімі
Hindustan Times басылымының хабарлауынша, туристер мінген пойыз Мадура ауданындағы теміржол станциясының тұрағында тұрған.
Өңір биілігі өрттің шығуына Уттар-Прадеш жолаушыларының қолдануына тыйым салынған газ баллонының жарылуы себеп болғанын айтты.
Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді.