Ұшақ бортында 38 адам болған
Әуе кемесі Антарктидадағы базаға бет алған. Бортында 38 адам болыпты. Оның 17-і экипаж мүшелері болса, 21-і жолаушы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«С130 геркулес» ұшағы мұнай құбырларына қызмет көрсететін мамандарды тасып бара жатқан. Чилилік генерал Эдуардо Москейрудің сөзінше, бактағы отын діттеген жерге дейін жетуі керек еді. Ұшақтың қайда қонғаны әзірге белгісіз.