Әкем мені шалға сатты: 9 жасында қалыңдық атанған қыз өз қиындығын айтты

01.03.2024 14:40

Ауғанстанда мұндай жағдайлар жиі болып тұрады

elements.envato.com

Әкесі 9 жасар қызын 55 жастағы шалға тұрмысқа берді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Bugin.kz-ке сілтеме жасап. 

Ауғанстанда мұндай жағдайлар жиі болып тұрады.

Ер адамдар отбасын асырауға азық таппағанда жас қыздарын азық-түлікке, күнкөріске қажетті заттарға айырбастап отырған. Болжам бойынша, әкесі қызы есейгенге  дейін үйлендіргеніне қуанышты.

2021 жылы әлемдік резонанс тудырған жантүршігерлік оқиға болды.  CNN арнасының мәліметінше, Абдул Малик есімді азамат өзінің үлкен отбасының қалған мүшелерін тамақтандыруы үшін Горбан есімді 55 жастағы бейтаныс адамға 1600 фунт стерлингке тең жер, қой және қолма-қол ақшаға 9 жасар туған қызын сатып жіберген.

- Бұл аз ақша, бірақ бұл бізге аман қалуға көмектеседі, - дейді қыздың Абдул есімді әкесі.

Қыздың анасы бұл келісімге қарсы болған. Алайда қыздың әкесі солай шешкен соң оған қарсы тұра алмаған.

Дегенмен Абдул Малик қызын сатқаны үшін өзін кінәлі сезінетінін және түнде ұйықтай алмайтынын айтады. Ол тіпті жұмыс істеп, қарыз да сұрап көрген. Алайда бұл ісінен түк шықпапты.

Күйеу жігіт Горбан жас қалыңдығы Парванаға өзінің баласы ретінде қарайтынын айтқан.

- Парвана арзан болды, ал әкесі өте кедей болды және оған ақша керек болды. Ол менің үйімде жұмыс істейді. Мен оны ұрмаймын. Оған отбасы мүшесі ретінде қараймын. Мейірімді боламын, - дейді күйеубаласы. 

Ал кішкентайында қалыңдық атанған Парвана:

- Әкем мені сатты, өйткені бізде нан, күріш немесе ұн жоқ. Ол мені қартқа сатты, - дейді.

Алайда абырой болғанда қоғамдағы наразылықтан соң Парвана өзінен 46 жас үлкен күйеуімен ажырасып, өз отбасына қайта оралған.

Оқи отырыңыз: БҚО күйеуін киллер жалдап өлтіртпек болған келіншек ұсталды