Австрияда қар көшкіні жүріп, 2 адам жоғалып кетті
Depositphotos
Оқиға 2700 метр биіктікте болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Австрияның құтқарушылары елдің батысындағы Форарльберг аймағында орналасқан әйгілі Лех-Цюрс тау шаңғысы курортында қар көшкінінен кейін жоғалған екі туристі іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға 2700 метр биіктікте болған. Құтқару операциясына тікұшақтар мен кинологтар тобы жұмылдырылды. Полиция куәгер түсірген видеоға сүйене отырып, бастапқыда қар астында он шаңғышы қалып қойғанын хабарлады. Кейін жоғалған 8 адам табылды, олардың ешқайсысы ауыр зардап шеккен жоқ.
Рождестволық демалыс күндері ауа райының жылы болуына байланысты билік аймақта және көрші Тиролде қар көшкіні қаупі жоғары екенін ескертті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06