Ауа-райының қолайсыздығы ондаған рейстердің тоқтатылуына және кейінге қалдырылуына себеп болды
Канаданың Ньюфаундленд аралында күшті қарлы бораннан зардап шеккен 20 мыңнан астам үй жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық метеобюроның мәліметінше, кешеден бері тіпті кей жерлерде қалыңдығы 70 сантиметрден астам қар жауған. Мұнда дауылды желдің ұйытқуы – 42 м/с. Ньюфаундленд аралының ірі қаласы Сент-Джонс шаһарының билігі төтенше жағдай енгізгені туралы хабарлады. Барлық мемлекеттік мекемелер, банктер, кеңселер мен дүкендер жабық, көшелерде тек арнайы көліктерге рұқсат етілген. Ауа-райының қолайсыздығы ондаған рейстердің тоқтатылуына және кейінге қалдырылуына себеп болды.