Тәжікстан қырғыз ауылына қарай тағы оқ атты

17.09.2022 15:42

Бұл туралы Қырғызстанның шекара қызметі хабарлады

twitter.com

Тәжік тарапы 2022 жылдың 17 қыркүйегінде таңертең Баткен ауданының Паскы-Арық ауылын минометтан атқылады. Бұл туралы Қырғызстанның шекара қызметі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды бұза отырып, сағат 08:50-ден 08:55-ке дейін тәжік тарапы Баткен ауданының Пасык-Арық елдімекеніне минометтен оқ жаудырды. Сағат 08: 55-те оқ ату тыйылды", делінген хабарламада.

ТАСС-тың хабарлауынша, жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі 9-да шекарадағы жағдай "шиеленісті жағдайда" деп сипатталады.

Шекара қызметінің хабарлауынша, түн тыныш өтті.

16 қыркүйекте ШЫҰ саммитінде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон екі елдің шекарасынан қосымша әскери күштерді алып кетуге, атысты тоқтатуға келісті.

Бірақ кешке тәжік тарапы шартты бұзып, Лейлек ауданының Құлынды және Жаңа-Жер елдімекендеріндегі қырғыз шекарашыларының позициялары бойынша оқ жаудырды.

Қарулы қақтығыс 14 қыркүйекте Баткен ауданының Бұлақ-Баши маңында басталды. Қырғызстан МҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, Тәжікстанның әскери қызметшілері тараптар арасында бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды бұза отырып, мемлекеттік шекараның даулы учаскесінде оқ атып, бекініс орнатты.