|
25.11.2022 | 10:43
776

Ауғанстан тұрғындары аш балаларына тыныштандырғыш дәрі беруге мәжбүр

Билікке тәліптер келіп, шет елдерден ақша ағыны тоқтаған елде миллиондаған адамға аштық қаупі төніп тұр

Ауғанстан тұрғындары аш балаларына тыныштандырғыш дәрі беруге мәжбүр ашық дереккөзден

Ауғанстандықтар балаларына аштық сезімін басу үшін тыныштандыратын препараттар беріп, кейбірі күнкөріс үшін баласын немесе дене мүшесін сатуға мәжбүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Билікке тәліптер келіп, шет елдерден ақша ағыны тоқтаған елде миллиондаған адамға аштық қаупі төніп тұр.

Кей отбасылар аш балаларын тыныштандыру үшін жүйке ауруларына тағайындалатын таблеткалар береді.

Дәрігерлер бұл препараттар дұрыс тамақтанбаған баланың бауырын зақымдап, созылмалы шаршаудан бастап ұйқының бұзылуына және мінез-құлық өзгерістері сияқты басқа да көптеген проблемаларды тудыруы мүмкін екенін айтады.

Алты балалы Гулям Хазрат бір жастағы баласына да ұйықтататын дәрі беретінін айтты.

Жергілікті дәріханада 10 афганиге (шамамен 10 АҚШ центі) бес транквилизатор таблеткасын алуға болады. Ал ол ақшаға небәрі бір тілім нан тиеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир