Статистика күн сайын өсіп жатыр
Джон Хопкин университетінің санауы бойынша, індеттен қайтыс болғандардың ең көбі АҚШ, Бразилия және Ұлыбритания елдерінде деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жаңа типтегі коронавирусты жұқтырған соң қайтыс болған адамдардың саны сенбі күні күні 600 435-ке жетті. Бұл Джон Хопкинс университетінің мемлекеттердің федералдық және жергілікті билігінің ақпараты негізінде жасаған есебі.
Зерттеу ұйымының мәліметінше, вирустан ең көп адам көз жұмған елдер – АҚШ (139,9 мыңнан астам адам), екінші орында Бразилия (78,7 мыңнан астам адам) және Ұлыбритания (45,3 мыңнан астам адам). Қазіргі кезде коронавирус 14,2 млн астам адамнан анықталған. Індет жұқтыру оқиғаларының ең көбі АҚШ-та (3 697 743).
Бұдан кейін тізімде (2 074 860), Үндістан (1 038 716) және Ресей (765 437) тұр. Жаңа коронавирустан шығатын дерттің өршуі 2019 жылдың соңында Орталық Қытайда тіркеліп, көптеген елдерге тараған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны пандемия деп атады.