Жапонияда жанартау атқылады

25.07.2022 15:45

34 адам қауіпсіз жерге көшірілді

pixabay

Әзірге қалада зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кагосима префектурасында Сакурадзима жанартауы атқылап, 34 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды «Известия».

Жанартау атқылауына байланысты қауіптіліктің ең жоғары, бесінші деңгейі жарияланды, бұл адамдарды шұғыл эвакуациялауды білдіреді. Вулкандық тастардың атқылауы 2,5 км радиуста тіркелді, пирокластикалық ағындар болуы мүмкін.

24 үйдің тұрғындары жанартау кратерінен 4 шақырым қашықтықтағы орталыққа көшіруге келісті. Ал, қала билігі 33 отбасының 51 адамды эвакуациялау туралы ұйғарым шығарды.