Франциядағы президент сайлауы: екі кандидат келесі турға өтті

11.04.2022 17:30

Сайлаудың екінші кезеңі екі аптадан кейін – 24 сәуір күні өтеді

twitter.com

10 сәуір күні өткен Франциядағы президенттік сайлаудың бірінші турының нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қазіргі президент Эммануэль Макрон 27,4 % дауыс жинап, жеңіске жетті.

Екінші орында «Ұлттық қауымдастық» партиясының төрағасы Марин Ле Пен, ол 24,0 % дауыс иеленген.

Сарапшылардың болжауынша, саяси науқанның бірінші турындағы сайлаушылар саны салыстырмалы түрде төмен болып шықты – 74,84 %. Бұл көрсеткіш 2007 жылғы сайлауда 83 %-дан астам болған.

Президенттік сайлаудан шығып қалған үміткерлердің көпшілігі өз жақтастарын екінші турда Эммануэль Макронды қолдауға шақырды.

Сайлаудың екінші кезеңі екі аптадан кейін – 24 сәуір күні өтеді.