Ұлыбританияда ер адам АИТВ індетінен жазылды. Бұл әлемдегі адамның иммун тапшылығы вирусынан айыққан екінші ресми тіркелген адам, деп хабарайды Tengrinews.kz.
Англияда ер адамға АИТВ-инфекциясына қарсы иммунитеті жақсы донордың кемік майын ауыстырғаннан кейін емделді. Ер адам қатерлі ісіктен емделіп жүргендіктен трансплантация қажет болды. Оның доноры сирек генетикалық мутацияға ие, себебі сүйек кемігінің діңгекті жасушалары вирусқа қарсы төтеп бере алады.
Бұл ота үш жыл бұрын жасалған, 18 ай бұрын дәрігерлер антиретровирусқа қарсы препараттарды қабылдауды тоқтатты, ал жоғары сезімтал тестілер бұрынғыша ер адамның бойынан ЖҚТБ-ны таппайды.
«Онда анықтауға болатын вирус жоқ. Біз ештеңе таба алмадық», - дейді ер адамды емдейтін дәрігерлер тобының басшысы, АИТВ бойынша профессор және биолог Равиндра Гупта.
Дәрігерлердің айтуынша, бір күні ғалымдар ЖҚТБ-дан арылудың жолын таба алады, алайда бұл прецедент АИТВ-дан дәрі табылды дегенді білдірмейді. Кембридж университетінде жұмыс істейтін Гупта өз пациентін «функционалды сау» және «ремиссия сатысындағы пациент» деп сипаттаған, бірақ «ол емделді деп айтуға ерте» деп ескерткен.
Бұл адамды «лондондық пациент» деп атайды, себебі оның жағдайы АИТВ-дан функционалды емделген алғаш адамның жағдайына ұқсас. Америкалық Тимоти Браун 2007 жылы Германияда осындай емдеуден өткен, ол да АИТВ-дан емделген. Браун қазір Америка Құрама Штаттарында тұрады, АИТВ жөніндегі сарапшылардың айтуынша, оның дені сау.
Қазіргі таңда бүкіл әлемде 37 миллионға жуық адам АИТВ жұқтырған және ЖИТС індеті басталғаннан бері, 1980-жылдардың басынан бастап, әлемде шамамен 35 миллион адам қайтыс болған.
Ғылыми зерттеулердің арқасында, қазір АИТВ дамуын тежейтін дәрілер бар.
«Лондондық пациент» АИТВ-ны 2003 жылы жұқтырған, ал 2012 жылы Ходжкин лимфомасы деп аталатын «қан қатерлі дертінің» диагнозы қойылған.