Филиппинде 7,1 балдық жер сілкінісі болды

12.08.2021 15:46

Елде цунами қаупі жарияланды

Филиппинде Рихтер шкаласы бойынша 7,1 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

АҚШ Геология стансасының мәліметінше, жерасты дүмпулерінің ошағы Пундагитан ауданында орналасқан. Жер сілкінісі жағалаудағы Мати қаласынан 80 шақырым жерде тіркелді. Оның тереңдігі - 65,6 шақырым. Елде цунами қаупі жарияланды.