Абай әндерін британиялық әншілер орындап жүр

стоп кадр
стоп кадр
Смайли - Лондондағы орындаушылық өнер және технологиялар мектебінің түлегі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлы Абайдың әндерін британиялық әншілер өз репертуарына қосып, концерттерінде орындап жүр. Өнер адамдарының пікірінше, ақынның музыкалық мұрасы мелодиялық және ырғақтық тұрғыда өте сәтті шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа британиялық поп-сенсация, әнші әрі автор Смайли (Smilee) «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіре айтып, тыңдарманының зор ықыласына бөленіп жүр. Нәзік дауысты орындаушы гитараның сүйемелдеуімен ағылшын тіліне аударылған әнді керемет шырқайды.

Смайли - Лондондағы орындаушылық өнер және технологиялар мектебінің түлегі. Ол әлемге әйгілі Адель, Эми Уайнхаус және Кейт Нэш сияқты әншілермен қатар осы оқу орнында кәсіби білім алған. Дәл осы жерде, небәрі 14 жасында ол өзінің алғашқы әнін ең жақын досымен бірге жазды. Содан бері оның музыка жазуға және орындауға деген құштарлығы артпаса, кеміген жоқ.

Смайли Ұлыбританияда және шетелде гастрольдік сапарларға шығып, жанды дауыста ән айтып жүргенде белгілі музыкалық продюсер Денис Ингольдсбидің назарына ілігеді. Сөйтіп оның жұлдызы тіпті жарқырай түседі.

Қазір де жас әнші концертке шыққан кезінде Абайдың «The Apple of My Eye» әнін ағылшын тілінде орындап, көрермендердің көзайымына айналды.

Бұдан бөлек опера әншісі Джозефин Хоторн «Blessings on You» («Айтым сәлем, Қаламқас») әнін орындап жүр. Ньюкасл қаласынан шыққан жас әнші, ақын және композитор Аннабель Паттинсон болса, «Желсіз түнде жарық ай» әнін ағылшынша нақышына келтіре орындайды.

Әндердің әдеби аудармасын әйгілі шотланд ақыны, профессор Джон Бернсайд жасаған. Оны қазақстандық тарап сөзбе-сөз тәржімамен қамтамасыз етіп отырған. Ақын түпнұсқаға барынша жақын болуға тырысыпты.

«Әрине, аударма деген оңай жұмыс емес. Өте қиын болды. Бірақ талап үдесінен шығуға тырыстық. Өйткені бұл жобаға өз басым қатты қызықтым. Абай өлеңдерінің ритмикасын жоғалтпай, дәлме-дәл аудару басты талап болды. Сонымен қатар ұйқас жағын да ұмытпау керек болды. Мұндай өлеңдер аударылғанда, әдетте, бұл стратегия қолданылмайды»,- дейді Джон Бернсайд.

Оқи отырыңыз: Бүгін елімізде Абай күні

Новости партнеров