|
06.04.2023 | 10:47
2165

Бразилияда ер адам балабақшаға шабуыл жасап, 4 бала қаза тапты

Шабуылшы балтамен ұрған

Бразилияда ер адам балабақшаға шабуыл жасап, 4 бала қаза тапты media.cnn.com

Бразилияның оңтүстігіндегі Блуменау қаласындағы балабақшада ер адам төрт кішкентай баланы балтамен ұрып өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

BBC хабарлауынша, сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 09:00 шамасында балабақшаға кіріп кеткен 25 жастағы ер адам 4 баланы өлтіріп, тағы 4 баланы жарақаттаған. Олардың кем дегенде біреуінің жағдайы ауыр.

Полицияның жергілікті БАҚ-қа хабарлауынша, шабуыл жасаушы қылмысты өз мойнына алған және қазіргі кезде қамауда отыр. Әскери полиция мәлімдемесінде шабуылдаушының қала аудандарының бірінде полицияға берілгені айтылды.

«Өрт сөндірушілер шабуыл кезінде «Мейірімді бақташы» деп аударылатын Cantinho Bom Pastor балабақшасында шамамен 40 бала болғанын хабарлады. Белгілі болғандай, ер адам ғимаратқа кіру үшін дуалдан секіріп өтіп, балаларға тарпа бас салған. Оқиға туралы хабар тараған кезде-ақ ата-аналар балабақшаға жүгірген. Қала билігі Блюменаудағы сабақтарды ертеңге дейін тоқтатты»,  делінген хабарламада.

Блюменау қаласы орналасқан Санта-Катарина штатының губернаторы үш күндік қаралы күн жариялады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир