Әйел сегіз жыл бойы үйленуге ұсыныс жасамаған жігітті сотқа берді

10.12.2020 15:47

Сот бұл оқиғаға қатысы шешім шығарған жоқ

in.pinterest.com

Замбиялық әйел сегіз жыл бойы үйленуге ұсыныс жасамаған ер адамды сотқа берді. Ол заңды неке қиюға ниет танытпаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

26 жастағы Гертруда мен 28-дегі Герберттің бір баласы бар. Әйел өзінің ата-анасымен, ал ер адам бөлек тұрады.

Бұдан бөлек, Гертруда ғашығы көзіне шөп салады деп күмәндана бастаған. Сондықтан сотқа жүгінуден басқа амалы қалмаған.

«Ол жағдай күрделі екенін ешқашан түсінуге тырысқан емес. Сондықтан сотқа арыз жаздым. Біздің болашағымызды анық білгім келеді», – деді әйел.

Ал Герберт болса, қаржы мәселесі отбасын құруға кедергі болып тұрғанын айтып ақталған. Сондай-ақ, баласының анасы өзіне тиісті деңгейде көңіл бөлмейді деп шағымданды.

Сот бұл оқиғаға қатысы шешім шығарған жоқ. Олар өзара талқылауы тиіс екенін жеткізді.