«Адамдар басымен төмен салбырап қалған»: Қазанда аттракцион істен шықты

© Sputnik / Павел Лисицын
© Sputnik / Павел Лисицын
Ойын-сауық саябағының әкімшілігі аттракционның сынбағанын мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазан қаласындағы «Қырлай» ойын-сауық саябағының келушілері сынып қалған аттракционнан шыға алмай, басымен төмен қарай салбырап отырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.  

Куәгерлердің айтуынша, адамдар жарты сағат бойы 40 метрлік биіктіктен түсе алмады. «Татарстан 24» телеарнаның мәліметіне сәйкес, әткеншектің бір механизмі істемей қалған. Бұл аттракцион шілденің басында ашылған болатын.

Ал ойын-сауық саябағының әкімшілігі аттракционның сынбағанын мәлімдеді. Ол күні техникалық қызмет көрсету жұмыстары атқарылған. Содан жұмысшылар әткеншекті тексереміз деп, өздері мініп айналған.

«Адамдар жоғарыда тұрып қалған күннің өзінде басымен төмен қарай салбырап қалмайды. Әткеншектің орындықтары айналған кезде бас төменге салбырайды», – дейді қызметкерлер.


Новости партнеров