Дүние салған әйел бір сағаттан кейін тіріліп кетті

20.09.2021 15:48

Кейуана клиникалық өлім жағдайында болған

Сурет: pixabay.com

АҚШ-тың Мэриленд штатында таңғажайып оқиға болды. О дүниелік болған Кэти Паттен 45 минуттан соң әрі сегізінші немересі дүниеге келер алдында тіріліп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz сілтеме жасап.

Кейуана клиникалық өлім жағдайында болған.

«Қызы Фифер босану үшін перзентханаға түседі. Әйел де асыға-үсіге оның артынан жетеді. Бірақ сегізінші немересін асыға күтіп отырған әже дәлізде құлап қалған. Бірден оны жансақтау бөліміне жатқызды, әйелдің жүрегі тоқтап, 45 минут бойы тіршілік белгісін бермеген», – деп хабарлайды CBS Балтимор телеарнасы.

Бұл кезде Фифер кесарь отасына дайындалып қойған еді. Сегізінші рет әже болуы тиіс әйел осы ота алдында есін жиып, өмірге қайта оралды. Қайта тірілген науқас перзентханаға келіп, көп ұзамай Алора есімді жаңа туған немересін құшағына алды.

«Құдайға шүкір, маған екінші мүмкіндік берді. Енді мен мүмкіндігінше жақсы адам боламын», – деді кейуана.