Қытайдағы жер сілкінісінен 70-ке жуық адам көз жұмды

07.09.2022 15:48

Зілзалаға байланысты Сычуань провинциясында ең жоғары деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды

baq.kz

Қытайдың Сычуань провинциясында орын алған жер сілкінісінен қаза болғандар саны 66 адамға жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке  сілтеме жасап.

Сычуань агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, Ганьцзы-Тибет автономдық округіндегі Лудин уезіндегі зілзала магнитудасы 6,8-ге жеткен.

Табиғи апат Ганьцзы-Тибет автономдық округіндегі 38 адам және Яань қаласының 28 тұрғынының өмірін жалмады.

Төтенше жағдайлар салдарынан 15 адам хабар-ошарсыз кеткендер қатарында, 253 тұрғын жарақат алған.

Жерасты дүмпулері жер сілкінісі ошағынан 200 шақырымда орналасқан Чэнду қаласында да байқалған.

Зілзалаға байланысты Сычуань провинциясында ең жоғары деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.