Қытайдағы алып панда 10 жасқа толды

25.07.2023 15:51

Жануарларды күтіп-баптайтын қызметкерлер мерекелік ас әзірледі

russian.news.cn

Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь хайуанаттар бағында Силэ деген лақап аты бар алып панданың 10 жасқа толған туған күні атап өтілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жануарларды күтіп-баптайтын қызметкерлер мерекелік ас әзірледі. Мұндай алып пандалардың ұзындығы, әдетте 1,2-1,8 метрге жетіп, салмағы 70-тен 160 келіге дейін барады.

Алып панда – сиреп бара жатқан тұқым. Ғалымдардың пікірінше, жабайы табиғатта шамамен 2060 ғана түрі қалған. Алып панда – Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының (WWF) символы.

ҚХР-да панданы өлтірген адам өлім жазасына кесіледі.

Теги: Қытай