|
25.10.2020 | 10:51
14743

АҚШ президенті Дональд Трамп "Борат" жұлдызын сынға алды

Бұл жасанды жігіт. Мен оны күлкілі деп санамаймын – Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп "Борат" жұлдызын сынға алды Яндекс.Дзен

АҚШ президенті Дональд Трамп "Борат" фильміндегі қазақстандық репортер Борат Сағдиевтің ролімен танымал британиялық комедия актері Саша Барон Коэнді сынға алды,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Америка басшысы шамамен 15 жыл бұрын әзілкеш оны алдауға тырысқанын еске салды, бірақ ол сол кезде шоуда құйтырқы әрекеттің боларын сезген жалғыз кейіпкер еді, осылайша Трамп түсірілімнен бас тартқан. Associated Press хабарлауынша, 2003 жылы Трамп Коэн жүргізген "Шоу Али Джи" сатиралық бағдарламасына барған, бірақ ол бір минуттан соң актермен сұхбаттан бас тартып, кетіп қалған.

«Бұл жасанды жігіт. Мен оны күлкілі деп санамаймын», – деді Ақ үй басшысы оның жексұрын адам екенін атап.

Бұған жауап ретінде актер президентке жаңа фильмді тегін жарнамалап бергені үшін алғысын айтты.

«Шынымды айтайын, мен де сені күлкілі деп санамаймын. Бірақ та бүкіл әлем саған күледі. Мен әрдайым нәсілшіл сайқымазақтарды ойнау үшін адамдар іздеп жүремін, ал саған 20 қаңтардан кейін жұмыс қажет болады», – деп жазды ол Twitter-де.

Айта кетейік, "Борат 2" фильмінің премьерасы 23 қазанда Amazon Prime-да өтті. Борат - британиялық күлдіргінің ең танымал альтер-эгосы. Бұл Америка Құрама Штаттарына келген қазақстандық журналист.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир