Тибетте 13 адам қаза тапты

20.01.2023 15:53

Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы (CCTV) мәлімдеді

Ашық дереккөзден

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Тибет автономды ауданында болған қар көшкінінен 13 адам мерт болды. Бұл туралы Қытайдың орталық телеарнасы (CCTV) мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Телеарнаның дерегінше, 19 қаңтар күні Тибеттің Ньингчи қаласы маңындағы автокөлік жүретін жерасты жолына қар көшкіні түсіп, 13 адам көз жұмған.

«Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, қар көшкіні аталған қаланың жерасты жолынан шығатын жерде болған. Адамдар мен көліктер қар астында қалды.

Қазіргі уақытта іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Құтқару жұмысына 700-ден аса адам тартылған.