|
20.10.2019 | 14:18
163694

«8 сағат зорлаған»: 25 жастағы қыз терезеден секіріп кетті

Оқиға 10 қазанда орын алған

«8 сағат зорлаған»: 25 жастағы қыз терезеден секіріп кетті ktk.kz

Ресейдің Краснояр қаласында бұрын сотталып, жазасын өтеп шыққан екі ер адам топтық зорлауға қатысты айыпталды. Олардың зорлығынан құтылмақ болған қыз пәтердің терезесінен секіріп кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РФ тергеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 10 қазанда орын алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұрын сотталған ер адамдар түнде пәтерге 25 жастағы жеңіл жүрісті қызды шақырған.

Алайда қыз ер адамдардың екеу екенін көріп, интимдік қызмет көрсетуден бас тартқан. Сол кезде олар есікті жауып, жәбірленушіні шамамен 8 сағат бойы зорлаған.

«Қыз таңертеңгі сағат 08:00 шамасында пәтердің терезесінен секіріп кеткен. Салдарынан ауыр жарақат алған», - дейді тергеу комитеті.

Бүгінгі таңда екі күдікті ұсталды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир