Өзбекстан 15 баланың өліміне себеп болуы мүмкін дәріні сатылымнан алып тастады

islamnews.ru
islamnews.ru
Өзбекстанның дәрілік заттарды сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығының қорытындысына сәйкес
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) 18 баланың тұмауға қарсы үнді дәрісінен кейін көз жұму оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Өзбекстанның дәрілік заттарды сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығының қорытындысына сәйкес, «Док-1 Макс» шәрбаты белгіленген талаптарға сай болмай шыққан.

«Док-1 Макс» шәрбатында кездесетін этиленгликоль заты науқастың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Қазіргі уақытта импорттаушы компания Quramax Medical ЖШҚ және «Дәрілік заттарды стандарттау ғылыми орталығы» ЖШҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі хабарламасында.

Новости партнеров