Еуропаға бет алған 75 адам теңізге батып кетті
ria.ru
Балықшылар 15 адамды құтқарып, Зувара қаласына жеткізген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Еуропаға қайықпен бет алған 75 мигрант Жерорта теңізіне батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Халықаралық көші-қон ұйымы жергілікті кеңсесінің мәліметінше, мигранттар қайықпен Еуропаға бара жатқан. Алайда 75 мигрант Ливия жағалауында Жерорта теңізіне батып кетті. Балықшылар 15 адамды құтқарып, Зувара қаласына жеткізген.
ХКҚҰ дерегінше, биыл Жерорта теңізінде 1,3 мыңнан аса адам қаза тапты.
Еске салсақ, ливиялық лидер Муаммар Каддафиді 2011 жылы тақтан тайдырып, өлтіргеннен кейін Ливия біртұтас мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Ел Еуропаға кіргісі келетін заңсыз мигранттар үшін транзиттік пунктке айналды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25