|
13.02.2020 | 10:58
2715

Танымал актриса жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Актрисаның нақты неден көз жұмғаны белгісіз

Танымал актриса жұмбақ жағдайда қайтыс болды tmbw.ru

Танымал кәріс актрисасы Го Су Юнг 24 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ msn.com-ға сілтеме жасап.


Го Су Юнг. Сурет: instagram.com/storyjcompany


Дереккөздерге сүйенсек, Го Су Юнг көптен бері ауырып жүрген. Алайда оның нақты қандай дертпен күрескені белгісіз.

«Бірнеше күн бұрын Го Су Юнг бұл әлеммен қоштасып, аспандағы жарық жұлдыздардың біріне айналды», - делінген Story J Company агенттігінің хабарламасында.

Актрисаның жерлеу рәсімі 9 ақпанда өтсе де, қайғылы жағдай туралы хабар енді ғана тараған.

Го Су Юнг 1995 жылдың 24 сәуірінде дүниеге келген. Ол «Гоблин» (2016 жыл) кәріс фэнтези-телехикасындағы және «Соломанның жалған куәлігі» триллеріндегі рөлінен кейін танымалдылыққа ие болған.

Сондай-ақ, Су Юнг 2017 жылы «BTS» k-pop тобының «With Seoul» атты бейнебаянына түскен.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қазан айында 25 жастағы кореялық актриса әрі k-pop топтың бұрынғы өкілі Соллидің қайтыс болғаны туралы хабар тараған еді.

Соллидің денесі Оңтүстік Кореяның Соннам қаласындағы өнер иесінің пәтерінен табылған. Актрисаның нақты неден көз жұмғаны белгісіз. Полицияның дерегінше, ол өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир