Желіде Перудегі жер сілкінісінің видеосы жарияланды

27.05.2019 16:00

Перуде болған 8 балдық жер сілкінісінің видеосы Желіде тарап жатыр. Роликтердің бірі 26 мамырда YouTube-те жарияланды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Кадрлардан әнші Ezio-ның Риоха қаласындағы концерті барысында музыканттардың жер сілкінісіне байланысты өнерлерін тоқтатып, көрермендердің айқайлап жатқанын көруге болады. 

Twitter желісінде жарияланған тағы бір видео Сан-Мартин аймағында түсірілген, мұнда тұрғындар жер сілкінісінің тоқтауын күтіп көшеге шығып тұрғанын көруге болады.