Тікұшақ бортында министрден бөлек тағы үші адам болған, екеуі із-түзсіз жоғалып кетті
Мадагаскарда 57 жастағы полиция министрі Серж Желле тікұшақ апатынан кейін жағалауға 12 сағат бойы жүзіп келген. Тікұшақ кеме апаты болған жерге бара жатқанда теңізге құлаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, төтенше жағдай 20 желтоқсанда болған. Мадагаскардың солтүстік-шығыс аймағында жолаушылар кемесі батып кеткен. Бортта 120 адам болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 64 жолаушы қайтыс болды. 45 адам құтқарылды, 20 адам із-түзсіз жоғалып кетті.
Полиция министрі Серж Желле тағы үш қызметкерді алып, кеме батып кеткен жерге тікұшақпен барған. Бірақ аяқастынан қатты жел көтерілді. Соның салдарынан әуе кемесі теңізге құлады, деп хабарлайды France Presse.
Министр аман қалды. Ол жақын жағалауға дейін 12 сағат бойы жүзіп келген. Сол жерде оны балықшылар көріп, көмекті шақырған.
"О дүниеге аттанатын күнім әлі келген жоқ", — дейді Серж Желле.
Оның айтуынша, апат кезінде зардап шеккен жоқ. Бірақ қатты тоңып қалды.
Желлемен бірге тікұшақта пилот, полковник Хери Ракотомилиарисон, полковник Оливье Андрианамбинина және аға сержант Андрианарисон Лайтсара Джимми болған. Министр мен сержант аман қалды. Ал пилот пен полковник табылған жоқ.
Сержанттың қалай аман қалғаны белгісіз. Екеуі де Махамбо қаласының жағалауына жүзіп жеткен. Бірақ алдымен Желле, одан кейін сержант келген.
Ал суға батып кеткен жолаушылар кемесі тым көп адамды мінгізген. Соның салдарынан апатқа ұшырады. Осы оқиғадан кейін Мадагаскар президенті Андри Радзуэлина ұлттық аза тұту күнін жариялады.
♦️Le GDI Serge GELLE, un des passagers de l'hélicoptère accidenté hier a été retrouvé sain et sauf ce matin du côté de Mahambo.
— Ministère de la Défense Nationale Madagascar (@MDN_Madagascar) December 21, 2021
☑️ Les sapeurs sauveteurs de la #4°UPC ont également retrouvé le carcasse de l'hélicoptère au fond de la mer. pic.twitter.com/sP2abwTMwB