Киевке әуеден шабуыл жасалды
egemen.kz
Украина Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ресейлік ұшақ әуе қорғанысы арқылы атып түсірілген және ол Киевтің Дарницкий ауданында құлаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Киевке әуеден шабуыл жасалды. Бұл туралы Украина Ішкі істер министрінің орынбасары Антон Геращенко мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz сілтеме жасап.
«Киевке қанатты немесе баллистикалық зымырандармен жасалған шабуылдар жасала бастады. Мен екі жарылыстың дүмпуін естідім», – деп жазды Геращенко Telegram арнасында.
Атап айтқанда, жұмада таңғы сағат 4:22-де ел астанасындағы Печерский және Голосеевск аудандарында, Познаки қаласында жарылыс дыбыстары естілді. Киевтегі Троещина ауданында қазірдің өзінде 6-ға жуық жарылыс болды.
Украина Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ресейлік ұшақ әуе қорғанысы арқылы атып түсірілген және ол Киевтің Дарницкий ауданында құлаған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
20.09.2026 09:04
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл-күйді көтеру жолы
19.09.2026 14:40
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
19.09.2026 21:25
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53