Киевке әуеден шабуыл жасалды

25.02.2022 в 16:04

Украина Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ресейлік ұшақ әуе қорғанысы арқылы атып түсірілген және ол Киевтің Дарницкий ауданында құлаған

Киевке әуеден шабуыл жасалды. Бұл туралы Украина Ішкі істер министрінің орынбасары Антон Геращенко мәлімдеді, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Egemen.kz сілтеме жасап.

«Киевке қанатты немесе баллистикалық зымырандармен жасалған шабуылдар жасала бастады. Мен екі жарылыстың дүмпуін естідім», – деп жазды Геращенко Telegram арнасында.

Атап айтқанда, жұмада таңғы сағат 4:22-де ел астанасындағы Печерский және Голосеевск аудандарында, Познаки қаласында жарылыс дыбыстары естілді. Киевтегі Троещина ауданында қазірдің өзінде 6-ға жуық жарылыс болды.

Украина Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ресейлік ұшақ әуе қорғанысы арқылы атып түсірілген және ол Киевтің Дарницкий ауданында құлаған.