Мексикада ірі жол апаты салдарынан 20 адам қаза тапты

30.05.2019 16:05

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің тежегіші істен шыққан болуы мүмкін

Мексикада жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 адам қаза тапты және тағы 18 адам зардап шекті, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

Жергілікті Proceso басылымының мәліметінше, Веракрус штатындағы тасжолда жүк көлігі автобуспен соқтығысқан. Қоғамдық көлік салонында құдайға сыйынуға бара жатқан адамдар болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің тежегіші істен шыққан болуы мүмкін.  

Соққының ауыр болғаны сондай, автобус жолдан ұшып кетіп, аударылып артынша өртенген.