Олимпиада алауы Жапонияға жеткізілді

20.03.2020 16:05

Жапонияның солтүстік-шығысындағы Мияги префектурасына әкелінген

REUTERS/Issei Kato

Олимпиада алауы Грекиядан Жапонияға жеткізілді. Мұндай ақпаратты жергілікті телеарналардың бірі таратты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алау 2011 жылы жер сілкінісі мен цунамиден қатты зардап шеккен Жапонияның солтүстік-шығысындағы Мияги префектурасына әкелінген. Алау эстафета жоспар бойынша 26 наурызда Фукусима префектурасындағы футбол жаттығу орталығында басталуы керек. Алайда бір апта бұрын коронавирус пандемиясына байланысты төртжылдықтың басты бәсекесі бір немесе екі жылға шегерілуі мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Оған Олимпиада ұйымдастыру комитеті атқарушы кеңесінің мүшесі Харуюки Такахаши жарысты шегеретін жағдай болса 1 жыл емес, 2 жылдан кейін өткізу тиімді деген пікір айтқан еді. Себебі олимпиададан басқа да маңызды спорттық шаралармен қабаттасып қалуы мүмкін. Өйткені келесі жылдағы жарыс кестелері толық келісіліп қойған. Сондықтан екі жылға шегеру оңайырақ болады деген пайымда. Айта кетеу керек, атқару комитеттің мәліметінше, олимпиада ойындарын өткізбеу туралы шешім шығатын болса, Жапония шамамен 75 миллиард доллардан айырылуы мүмкін.  Ал жалпы ішкі өнім 1 жыл ішінде 1,4 пайызға қысқармақ.

Теги: Грекия