АҚШ-та бір тәулікте коронавирустан 1 736 адам қайтыс болған

08.04.2020 в 16:06

Әлем бойынша 1,28 миллион адам коронавирус жұқтырып, 72 мыңнан аса адам қайтыс болған

АҚШ-та бір тәулікте коронавирустан 1 736 адам қайтыс болған, деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, бүгінде АҚШ-та 398 785 адам коронавирус жұқтырған, олардың 12 893-і қайтыс болған. 22 мыңнан аса науқас жазылып шыққан екен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, әлем бойынша 1,28 миллион адам коронавирус жұқтырып, 72 мыңнан аса адам қайтыс болған.


Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 704 адамға жетті