|
02.05.2020 | 11:36
3950

Ким Чен Ын 20 күннен кейін көпшілік алдына шықты

Ким Чен Ын 12 сәуірден бері көрінбеген болатын

Ким Чен Ын 20 күннен кейін көпшілік алдына шықты Фото: ашық дереккөзден

Сенбі күні солтүстіккореялық БАҚ КХДР басшысы Ким Чен Ын түсірілген бейнероликті жариялады. Бұл оның соңғы 20 күн ішінде алғаш рет көпшілік ортадан көрінуі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Мәліметке сай, Ким Чен Ын Пёнган провинциясындағы Сунчхон тыңайтқыш зауытының ашылу салтанатына қатысты.

«Ол лентаны өзі қиды. Содан кейін ол көпшілік пен құрылысшыларға жауап ретінде қолын бұлғады», - деп хабарлайды ақпарат құралдары.

Айта кетейік, Ким Чен Ын көпшілік ортада 12 сәуірден бері көрінбеген болатын. Бұған дейін Оңтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдары КХДР басшысы жүрегіне күрделі ота жасатып, ауыр халде жатқанын хабарлаған болатын. Алайда ел билігі бұл мәліметті жоққа шығарған еді.

Сеулде билік өкілдері оларға КХДР-дан 36 жастағы ел басшысы ауыр науқас екені жайлы еш мәлімет келмегенін атап өткен болатын.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир