Камерунда қар жауды

11.09.2021 в 16:07

Видеолар әлеуметтік желілерде тарап жатыр

Орталық Африкада Камерун аумағында қар жауды. Бұл туралы CRTVweb жергілікті телеарнасы Twitter желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қар мен қатты бұршақ егістікке түсіп, бірнеше тұрғын үйді зақымдаған. Қар елдегі тасжолдарда көліктерге кедергі келтіруде.

Видеолар әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

Синоптиктердің хабарлауынша, Камерундағы қар климаттық өзгеріс салдарынан болып отыр.