Зауыт жұмысшысы жылдар бойы әріптестерінің тамағына у қосып келген

11.03.2019 16:07

57 жастағы ер адам әріптестерінің тамағына сынап пен қорғасын қосындысын салып жүрген екен

sputniknews.kz

Германияда ер адам жылдар бойы әріптестерінің асына улы заттар қосып келген.

Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде, 23 жастағы сынақ мерзімінен өтіп жүрген жұмысшы комаға түскен, ал тағы екі қызметкер бүйрек ауруына шалдыққан, деп хабарлайды Sputnik.

Сот Шлос-Хольте-Штукенброк қаласында әріптестерін улап жүрген ер адамды өмір бойына соттады. Оның қылмысы жәбірленуші қызметкер тамағынан қоңыр түсті затты байқап қалған кезде ашылған.

Бір жарым жылдан соң тағы бір қызметкер – 23 жастағы сынақ мерзімінен өтуші жұмысшы комаға түседі. Болған жайттан кейін бөлмеге бейнебақылау камерасын орнатыпты. 57 жастағы механиктің әріптестерінің сөмкесін ашып, тамаққа сынап пен қорғасынның улы қосылысын салып жатқаны видеоға түсіп қалған. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ол үш жыл бойы арам пиғылын іске асырып келіпті.

Полиция ер адамның үйін тінтіп, жертөледен зертхана тауып алды. Психиатрдың сөзіне сүйенсек, сотталушының есі дұрыс, өз әрекетіне толыққанды жауап бере алады. Болжам бойынша, ер адам әртүрлі қосылыстардың адам ағзасына қалай әсер ететінін білгісі келген. Ол былтыр мамырда ұсталды.

Тергеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Оның зауытта жұмбақ жағдайда қаза тапқан қызметкерлердің өліміне қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.