Индонезиядағы жанартаудың атқылауы: 10 адам үйінді астында қалып қойған
inform.kz
Жергілікті тұрғындар орналасқан бірнеше үйді құм, лай, күл басқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Индонезиялық құтқарушылар Ява аралындағы Семеру жанартауының атқылауынан кейін үйінді астында қалған 10 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі ұлттық агенттік өкілінің айтуынша, жанартау белсенділігінің күшеюі салдарынан бір адам қаза тауып, 40-тан астамы күйіп қалған, олардың кейбірі ауруханада жатыр.
Сонымен қатар жергілікті тұрғындар орналасқан бірнеше үйді құм, лай, күл басқан.
Семеру - Ява аралындағы ең биік шың және Индонезиядағы 130-ға жуық белсенді жанартаулардың бірі. Семеру жанартауының бұдан бұрынғы атқылауы осы жылдың қаңтар айында болды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10