Өзбекстанда қыздарға 17 жастан күйеуге шығуға тыйым салынады

24.04.2019 16:15

Түзетулер 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді

Sputnik

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев балалардың құқығын қорғауды күшейту шаралары туралы жарлыққа қол қойды.

Құжаттың бір тармағына сәйкес қыздардың некелесу жасы ұлғайтылды, яғни бұрын тұрмысқа шығуға 17 жастан бастап рұқсат етілсе, бұдан былай 18ге толмай шықпайды, деп жазады sputniknews.kz.

Айта кетсек, түзетулер 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

Бүгінде республика заңына сәйкес, некелесу жасы ерлерге - 18 жас, қыздарға - 17 жас.

Былтыр қараша айында Өзбекстанның Әйелдер комитетінің төрайымы Мукаррам Нурматова елде некелесу жасының өзгеруі мүмкін екенін ескерткен болатын.