Есінен танып құлаған еркек әйелді рельске итеріп жіберді (видео)

20.10.2019 16:28

Сол маңайда тұрған адамдар зардап шегушіден бірнеше метр жерде келе жатқан пойызды тоқтатты – олар қолын бұлғай бастайды, ал машинист шара қолданып үлгерді

Буэнос-Айрестегі (Аргентина) метро стансасының бірінде бейнебақылау камерасы жолаушының келе жатқан пойыздың алдындағы рельске құлаған сәтін түсіріп алды.

Әйелге жақын тұрған есінен танып құлап, оны еріксіз платформадан итеріп жіберген, деп жазды Sputnik.

Сол маңайда тұрған адамдар зардап шегушіден бірнеше метр жерде келе жатқан пойызды тоқтатты – олар қолын бұлғай бастайды, ал машинист шара қолданып үлгерген. Осыдан кейін екі адам рельске секіріп түсіп, әйелге көмек көрсетті.

Кейін ер адамды да, әйелді де "жедел жәрдем" ауруханаға жеткізді.