Қытайдағы қонақүй маңындағы жарылыстың себебі анықталды
AP Photo / Ng Han Guan
Бүгін таңертең Доумэнь ауданындағы қонақүйдің маңында газ жарылысы болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚХР Гуандун провинциясындағы Чжухай қонақүйінің маңындағы төтенше жағдайға газдың жарылуы себеп болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.
Қытай Орталық телеарнасының мәліметінше, газ жарылған.
«Бүгін таңертең Доумэнь ауданындағы қонақүйдің маңында газ жарылысы болды. Округтегі коммерциялық және тұрғын үй ғимараттары бүлінді», – деп хабарлады телеарна.
Еске салайық, Бейжің уақыты бойынша таңғы сағат 9-да жергілікті өрт сөндіру қызметіне Чжухай қаласының Доумэнь ауданындағы қонақүйдің маңындағы жарылыс туралы хабарлама келіп түскен.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
05.10.2026 12:35