Төтенше жағдай 8 маусым күні Қытайдың Наньнин қаласында болған
Құрылыс алаңына опырылып түскен жолдың жантүршігерлік видеосы желіде жарияланды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Кадрларда тапа тал-түсте асфальт жол ортасынан қақ айырылып, бірнеше секундта құрылыс алаңына опырылып түсті.
Абырой болғанда, алаңда жұмысшылар болмаған. Жергілікті БАҚ хабарлағандай, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпепті.
Төтенше жағдай 2019 жылдың 8 маусымы күні Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси провинциясындағы Наньнин қаласында болған.
Дереккөзі: sputniknews.kz