Таудан тас құлап, тоғыз турист қайтыс болды

01.08.2021 16:17

Үш адам түрлі жарақат алған

Үндістанның Химачал-Прадеш штатында тас көшкінінен тоғыз турист қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv  тілшісі Kaz.tengritravel.kz  сілтеме жасап.

Таудан дөңгелеп түскен тастар өзенге және тасжолға құлап, сол маңда тұрған көліктерді басып қалған.

Көшкін салдарынан тоғыз турист қаза тапты, тағы үш адам түрлі жарақат алған. Саяхатшылар Делиден Үндістандағы Читкул ауылына барған.

Штат министрі қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты. Апаттың себептері анықталып жатыр. Болжам бойынша, бұл апат елдегі маусымнан қыркүйекке дейін созылатын жаңбырлы мезгілге байланысты болуы мүмкін.