Күйеуі әйелін балаларының көзінше айуандықпен өлтірген

22.08.2019 16:20

Айтуынша, әйелі Интернетте басқа ер адаммен сөйлескен

Ресейде күйеуі әйелін балаларының көзінше айуандықпен өлтірген, деп жазады tengrinews.kz LIFE жергілікті құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Бұл оқиға 21 тамызға қараған түні болған. Басылымның мәліметінше, депутат қызметінде жүрген Азат Зарипов әйелі Еленаны балаларының көзінше өлтірген.

«11 жастағы ұл бала мен үш жасар қызды әжесі (Еленаның анасы) алып кетті. Балалармен енді қорғаншылық органдары айналысады», - деп жазады басылым.

Ер адам құқық қорғау органдары өкілдеріне отбасында осыдан екі ай бұрын жанжал шыққанын айтқан.

Айтуынша, әйелі Интернетте басқа ер адаммен сөйлескен. Осылайша, ақырында Зарипов әйелі көзіне шөп салғанын мойындаған соң оны айуандықпен өлтірген. Ер адам ішімдік ішкен соң әйеліне оқ атқанын мойындаған.

Теги: Әйел