НАСА Айға ұшатын зымыранның суретін көрсетті

13.06.2021 в 16:20

Бұл туралы ВВС агенттігі жазды

НАСА америкалық ғарыш агенттігі алғаш рет әлемге өзінің астронавтары осы онжылдықта Айға ұшатын аса ауыр зымыранын толық жинап, көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Флоридадағы Кеннеди ғарыш орталығының инженерлері супер зымыранның барлық үш негізгі элементін бірінші рет біріктіре отырып, Space Launch System (SLS, Ғарыштық ұшыру жүйесі) зымыранының 65 метрлік негізгі сатысын екі үдеткіштің арасына түсірді.