Ер адам лаңкес Ан-Нур мешітіне кірген кезде оның қолынан тапаншаны тартып алмақ болған
Пәкістан билігі Жаңа Зеландиядағы мешітте лаңкестің қолынан қаруды тартып алуға тырысқан сәтінде қаза болған Наим Рашидті ерлігі үшін марапаттамақ, деп хабарлайды Тengrinews.kz.
Ер адам лаңкес Ан-Нур мешітіне кірген кезде оның қолынан тапаншаны тартып алмақ болып секірген. Бірақ лаңкес оны атып тастады. Рашид Пәкістан азаматы болатын.
«Пәкістан азаматы ақ нәсілді лаңкесті тоқтатуға тырысып жатқан кезінде қаза болған Миан Наим Рашидпен мақтанады, оған сол ерлігі үшін мемлекеттік марапат беріледі», - деп жазды Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Twitter-де.
Пәкістан Сыртқы істер министрлігінің мәліметтері бойынша, Жаңа Зеландиядағы лаңкестік шабуылда тоғыз пәкістандық қаза тапқан. «Крайстчерчтегі теракт барысында қайтыс болған Пәкістан азаматтарының отбасына кез келген қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді премьер-министр.
Тікелей эфирде оқ жаудырған. Жаңа Зеландиядағы оқиға 2019 жылы 15 наурызда Жаңа Зеландияда Крайстчерчтегі (Оңтүстік арал) екі мешітте атыс болып, соның салдарынан 50 адам қаза тапты, тағы 50-і түрлі жарақаттар алды. Елдің Премьер-министрі бұл оқиғаның теракт екенін айтты.
28 жастағы Брентон Таррант адам өлтіргені үшін айыпталып жатыр, сенбіде сот оны 5 сәуірге дейін абақтыға қамады.