Аялдамадағы шабуыл: Жапонияда белгісіз азамат 19 адамға пышақ сілтеген

28.05.2019 16:22

50 жастағы ер адам автобус аялдамасында 19 адамды жарақаттаған

Жапонияның Кавасаки қаласында белгісіз азамат 19 адамға пышақ сілтеді, деп хабарлайды ria.ru.

Полиция қылмыскерді ұстады. Алайда, ол сол екі ортада өзіне де пышақ сұғып үлгерген. Оқиға орнынан бір емес, екі пышақ табылды. Мән-жай анықталып жатыр.

Әзірге жантүршігерлік қылмысқа барған адамның жасы 50-де екені анықталды. Ал, алынған жарақат салдарынан екі адам ауруханада ауыр халде жатыр. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар.