Қытай экономикасының көрсеткіші төмендеді

17.04.2020 16:23

Жалпы ішкі өнімі 6,8 пайызға төмендеген

inform.kz

Қытайдың жалпы ішкі өнімі 28 жылда алғаш рет құлдырады, деп хабарлайды  Almaty.tv.

2020 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, коронавирус пандемиясының ықпалынан жалпы ішкі өнімі 6,8 пайызға төмендеген. Мұның алдында сарапшылар Қытай экономикасы 6,5 пайызға құлдырайды деп болжаған еді. Алайда нәтиже ойдағыдан да төмен болып шықты. Сонымен қатар, өнеркәсіп секторында, бөлшек сауда мен негізгі капиталға салынған инвестициялар да азайған.