Эмир Кустурица Шыңғысхан туралы фильм түсірмек

03.06.2019 16:25

РИА Новости

Кино режиссері Эмир Кустурица Шыңғысхан туралы фильм түсіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

«Шыңғысхан туралы фильм түсіру жоспарымда бар. Ол кісіні Батыс та, Ресей жері де жақсы көрген емес. Бірақ оның қандай адам болғаны туралы үлкен фильм түсірмекпін», – деді Кустурица журналистерге Железноводскіде өткен «Герой и время» кинофестивалі аясында.

Оның сөзінше, фильм Шыңғыс Айтматовтың кітабы бойынша түсіріледі.

«Менде Шыңғыс Айиматовтың бір керемет кітабы бар, фильм келесі фестивальге дейін дайын болады деп ойлаймын», – деп атап өтті режиссер.

Кустурицаның айтуынша, көріністердің бірі Кавказда түсірілуі мүмкін.

«Фильмде бір көрініс бар, онда Шыңғысхан өзенге келіп, одан өту үшін мұздың қатқанын күтуге мәжбүр болады. Қазір ол жерін Кавказда немесе Сібірде түсірем бе деп ойлап отырмын», – деп қосты ол.