|
29.09.2021 | 11:26
630

Әзербайжанда вагон мен көлік соқтығысты

Жол апаты «Почт» ауылында болды

Әзербайжанда вагон мен көлік соқтығысты ҚазАқпарат

Бүгін Әзербайжанның Гянджа қаласында вагон мен автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Агенттіктің хабаралуынша, Гянджа қаласында кенеттен орнынан қозғалған вагон жүріп келе жатқан автокөлікті соққан. Жол апаты «Почт» ауылында болды. Дәлірек айтқанда, вагон аталған жерде орнынан қозғалып, қорғалмаған жолда жүріп келе жатқан «ВАЗ 2107» маркалы автокөлігіне келіп соққан. Салдарынан көлік жүргізушісі жеңіл жарақаттар алған. 

Вагон «Әзербайжан мемлекеттік темір жолдары» ЖАҚ-қа тиесілі екені хабарланды. Атап өтейік, бұл осы жылы Әзербайжанда вагонның қатысуымен болған бірінші апат емес. Наурызда Сумгайыт қаласында қайғылы аяқталған жол апаты болды. Жолаушылар автобусы тауар тиелген пойызбен соқтыққан. Салдарынан пойыз жолсерігі Мубариз Абдуллаев қайтыс болды. Соққы кезінде оның басы жұлынып кеткен. Осы жылдың мамырында осы қалада тепловоз бен микроавтобус соқтығып, апат салдарынан пойыз құрастырушысы Муртуз Абдуллаев қайтыс болды. Жалпы Әзербайжанның ІІМ Мемлекетік жол полициясының бас басқармасының деректеріне сай, елде 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында 756 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 290 адам қайтыс болып, 698 адам жарақаттар алған. Алайда бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт есе аз.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир