Түні бойы телефонға телмірген қыз соқыр болып қалды

15.11.2019 16:26

Бойжеткен түнімен телефонда ойын ойнапты

lenta.ru

Қытайдағы Шэньчжэнь қаласының тұрғынының смартфонды асыра пайдаланғанның кесірінен сол көзі көрмей қалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бойжеткен түнімен телефонда ойын ойнапты. Ертесі оянғанда көзін аша салып, тағы да смартфонына үңілген ол сол көзінің көрмейтінін байқаған.

Жанұшыра ауруханаға жүгірген қызға дәрігері Цю Ванцзянь көздің ішкі тор қабығында қан ұйып қалып, көзі содан көрмей қалған хабарлаған.

Көзге ауыр салмақ түсіп, тамырлары жарылып кеткен екен.

Дәрігерлер лазердің көмегімен тор қабығынан кішкентай тесік жасап, артық қанды алып тастады. Енді қыздың көзі қайтадан көретін болды.